Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жайылымдық жердің электронды картасы әзірленді

19.03.2021, 10:00 189 0

HALYQLINE.KZ Бүгінде облыста цифрландыру бағытында «Өңірлік геоақпараттық жүйесі» құрылуда. Барлық жер учаскесіне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, автоматтандырылған ақпараттар жүйесіне енгізіледі. Бүгінде 1,9 млн га жайылымдық жердің электронды картасы әзірленді.

– Біз өңірдегі барлық егіс алқаптарын ауыл шаруашылығы министрлігінің QOLDAU веб-порталына енгіздік. Қазір онда облыстағы 199,9 мың гектар жер қамтылған. Мінеки, қазір осы тәжірибелердің арқасында 2,1 млн гектар ауыл шаруашылығы алқаптарының электрондық карталарын әзірлеп жатырмыз. Оның ішінде жайылымдық 1924 мың га, шабындық 37,0 мың га, көпжылдық екпелер 0,6 мың га құрайды, – деді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Сұлтан Мақашов.

Бұдан бөлек, аймақта үйлестіру кеңесінің шешімімен инвестициялық жобалар үшін 39 жер пайдаланушыға жалпы көлемі 8358,9 гектар жер учаскесі табысталды. Сонымен қатар, жерді дұрыс пайдалануға байланысты тұрақты тексеріс жүргізіледі. Мәселен, 2015-2020 жылдары мақсаты бойынша пайдалынбаған 233,8 мың гектар жер анықталған. Оның 65 мың гектары мемлекетке қайтарылса, 111,9 мың гектары шаруашылықтарға қайта берілді. Қалғанына заң шеңберінде жұмыстар атқарылуда.

– Бүгінде жердің пайдалануы мен қорғалуына қатысты «Бағдаржол» іс-шарасын бекітіп, 2020 жылдың басынан қазірге дейін 105 бақылау жұмысын жүргіздік. Соның нәтижесінде жерді негізгі мақсаты бойынша пайдаланбаған 78 субьектіден 86 заң бұзушылық деректері анықталды. Соған сәйкес, айыппұлдар салынып, қайта мемлекет бюджетіне өндірілді. Мұндағы біздің мақсат – азаматтардың жерін тартып алу емес, олардың алған жерлерін заңға сәйкес және тиімді пайдаланса екен деген ниет, – деді облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Тоғызбаев.

Айта кетейік, биыл кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жерді сауда-саттық жолымен айналымға алу, елді мекендердегі мал басына қажетті жайылымдықтарды анықтау бағытында жұмыстар атқарылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: