HALYQLINE.KZ Өңірде 199,9 мың гектар жер QOLDAU веб-порталына енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.
– Қазіргі таңда агроөнеркәсіптік кешеннің тауар өндірушілері тыңайтқыш, гербецид, субсидияларды электронды түрде кедергісіз алуда. Сондай-ақ, облыста 1,9 млн гектар жайылым жердің электрондық картасы әзірленуде. Бұған қоса, аймақта ауыл шаруашылығы айналымына қосымша 60 мың гектар жерді алу жоспарланып, жергілікті бюджеттен 36,8 млн теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деді Шахмардан Сұлтанбекұлы.
Сонымен қатар, облыста 249,8 мың гектар суармалы жер бар. Оның 236,9 мың гектары таза суармалы жер, 214,7 мыңы ауыл шаруашылығы санатындағы болса, 20,1 мың гектары босалқы және 2,1 мыңы – орман қоры санатындағы жер.
Брифингте сала басшысы облыста 98211 азамат жер алуға кезекте тұрғанын айтты. Оның басым бөлігі – шаһар тұрғындарының өтінімдері. Өткен жылы 1383 жер телімі берілсе, биыл 7 ай ішінде 1000 жер телімі табысталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!