Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Заңды орындауға міндеттіміз – Оқу-ағарту министрі

22.08.2023, 15:30 181

HALYQLINE.KZ

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «мектепте хиджаб киюге рұқсат беріле ме, жоқ па» деген сұраққа нақты жауап берді.

– Біздің мемлекетіміз Конституция бойынша зайырлы ел деп есептеледі. Мектеп те зайырлы. 2016 жылы мектеп формасына қатысты бекітілген бұйрық бар. Онда ешқандай өзгеріс болған жоқ. Сондықтан мектеп формасына қатысты талап бойынша оқушылардың барлығы мектепке тек мектеп формасымен келу керек. Барлығы заң аясында және белгіленген тәртіп бойынша болуы қажет. Оқушы бұйрық бойынша мектепке мектеп формасымен келуі керек. Мектепке келудегі мақсат – баланың сапалы білім мен саналы тәрбие алуы. Бала мектепте сапалы білім мен саналы тәрбие алуға міндетті. Оны ата-ана қамтамасыз ету қажет. Ол заңда белгіленген. Сондықтан бәріміз заңды орындауға міндеттіміз», – деді министр.

Министр бұған дейін де тілшілердің Үкімет отырысынан кейін «хиджаб киюді қолдайсыз ба, жоқ па ба»  деген сұрағына нақты жауап бермеген еді.

P.S. Мектеп формасына қойылатын талаптар хиджабты киюге тыйым салады. Өйткені, кез келген атрибутика, нышан, элемент олардың дін жолындағы оқуын насихаттауды тұспалдайды.    Білім алу заңы  барлық діндердің теңдігін қамтамасыз етеді. Қандай да бір діннің үстемдігіне жол бермейді.   

Мектеп қабырғасында хиджабты киюге тыйым салу тек оқу орнының ішкі тәртібін зайырлық қағидаттарына сәйкес сақтау мақсатында енгізілген.  Хиджабқа тыйым салу әрекеті мектептен тыс жерге таралмайды. Мектеп формасын сақтау жалғыз хиджабқа ғана емес, көзге түсетін сәнді және спорттық киімдерге, сондай-ақ әшекей бұйымдарға да қатысты.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: