Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жымқыру фактісіне қатысты тағы бір әрекетке сот үкімі шықты

26.05.2021, 16:50 385

HALYQLINE.KZ

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өндірісіндегі кезекті қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Қазалы жол дистанциясының бөлімше бастығы теміржол құрылыс материалдарын пайдакүнемдік мақсатта иеліктен шығарып, талан-таражға салу арқылы жымқырғаны үшін жазаға тартылды. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне келтірілген залал көлемі – 23 млн теңге үстінде.

Лауазымды тұлғаның жауапкершілігіндегі тауарлы-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі жүргізілген аудиторлық тексеру кезінде анықталған.

Арал аудандық соты «алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен аса ірі мөлшерде мүліктік залал келтіру» деген айыппен (ҚР ҚК 195-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) үкім кесті. Яғни, сотталушыға, материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметпен айналысу құқығынан екі жылға айыра отырып, екі жыл бас бостандығынан шектеу жазасы және осы мерзімге пробациялық бақылау тағайындалды.

Сонымен қатар, зардап шегуші «Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының Қызылорда магистральдық желі филиалының пайдасына 23 миллион 152 мың теңгені өз еркімен төлеу үшін сотталушыға 2 ай мерзім белгіленді.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: