Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жығылғанға неге жұдырық болған?

08.02.2021, 14:15 539

HALYQLINE.KZ Қызылордада инсульт алып құлаған әйелді белгісіз біреулер тонап кеткен. Оқиға қала базарларының бірінің дәретханасында болған. Бұл туралы жәбірленушінің құрбысы Facebook-парақшасында жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда тұрғыны Елена Когайдың айтуынша, оның құрбысы сыйлық сатып алу үшін базарға шыққан.

«Оны жаңадан салынған базардың дәретханасынан тауыпты. Инсульт алған. Қазір комада жатыр. Сөмкесі жоқ. Қайта телефоны қалтасында болған. Сол арқылы туыстарын тауып, жағдайды хабарладық. Сөмкеде құжаттар, несие карталары бар», – деді ол оқиға куәгерлері болса хабарласуды сұрап.

Полиция тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Тонау дерегі Қызылорда қалалық полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті полиция өкілі.

Tengrinews.kz редакциясы жәбірленушінің жағдайын білу үшін аймақтық денсаулық сақтау басқармасынан хабар күтіп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: