Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғанда 2-сынып оқушысы педофилдің құрбаны болды

19.04.2022, 17:10 499

HALYQLINE.KZ «Жаңақорған ауданында 2-сынып оқушысы педофилдің құрбаны болған. Бұл туралы #НеМолчиKZ қорының басшысы Дина Таңсәрі «Facebook» парақшасында хабарлады» деп жазды Kyzylorda-news.kz сайты.

«#НеМолчиKZ қорына анонимді хабарлама келіп түсті, бұл жағдай туралы пікір білдіруді сұраймыз. Егер қылмыс расымен орын алса, қандай шара қабылданды, кішкентай балаға қандай көмек көрсетілді?», – делінген жазбада.

Қор басшысы мұнан соң, өз парақшасында анонимді хабарламаның мәтінін жариялады.

«Бір апта бұрын 2-сынып оқушысы зорланды. Қыздың анасының жүрегі ұстап қалды, ауырып жатыр, әкесі есеңгіреп қалған. Күдікті қызды алдап, мектепке дейін жеткізетінін айтқан. Көлікке отырғызып, алып кетіп, зорлаған. Кейін алып кеткен орнына қайта әкеп тастаған», – делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде аталған деректі растады.

«Аталған дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрінде Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді», – деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: