Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Темір ұрлап, темірдей тәртіпке түсті

21.09.2021, 10:20 177

HALYQLINE.KZ

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 500-ден астам сотталған есепте тұр. Оның ішінде бас бостандығын шектеу жазасымен сотты болған 120-дан астам азаматқа сот үкімімен мәжбүрлі еңбек тағайындалған. Қызылорда қаласының тұрғыны В. есімді азамат ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, сот үкімімен оған 3 жыл бас бостандығынан шектеу жазасына жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылауға алынады. Қазіргі уақытта ол 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін өтеу үшін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы «Қызылорда Тазалығы » ЖШС-не жіберілді. Күніне төрт сағаттан асырылмай мәжбүрлі еңбегін өтеуде.

«Оңай олжаға кенелемін деп опық жедім. Дәлірек айтсам, ұрлық жасап, сотты болдым. Темір-терсек ұрлап, өткіздім. Өз өміріме өзім балта шаптым. Өкініш өзегімді өртейді. «Ұрлық түбі – қорлық» деп, өсіп келе жатқан жастарға жаман әдеттен бойларын аулақ ұстаңдар деп кеңес берер едім.

Осы жасаған қылмысым үшін сот үкімімен тағайындаған жазамен 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекті атқарып жүрмін. Бұл жаза мен үшін тәрбиелік мәні бар сабақ болды», – дейді пробация есебіндегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пробация есебіндегі сотталғандардың мәжбүрлі еңбекті орындау орны бойынша тексерілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: