Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – басты мақсат

15.12.2023, 15:15 146

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында экскурсия өтті. Бұл жиынға “Шекара қызметінің әскери қызметшілері” келіп, темір торды өз көздерімен көрді.

Басты мақсат – мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру,бас бостандығынан айыру мекемелерінде болудың ауыртпалығын сезіну,сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылық салдарымен таныстыру үшін оларды қамаудағылар әлеміне енгізу. Бұл экскурсияның мемлекеттік қызметкерлер үшін тәрбиелік мағынасы зор. Себебі мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Төребеков Асылбек экскурсияға келушілерді тергеу изоляторының арнайы контигенттер ұсталатын аймағындағы шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар жататын жатақхананы, камераларды, аралатып,қылмыскерлердің ұсталыну жағдайымен таныстырып шықты. Алдымен, кезекші бөлімге бастап апарып, тергеу мекемесінің негізгі қызметтік міндеті, мекеме ішінде жүріп тұру жағдайы жайлы айтып түсіндірді.

– Біздің тергеу мекемесінің негізгі міндеті – күдіктілер мен айыпталушылар және тергеудегілер мен бес жылға дейінгі сотталғандарды ұстау және олардың режим тәртібін қадағалау мен сотталған азаматтардың жаза мерзімін өтеу барысында өмірге қайта тәрбиелеу. Яғни, мұнда, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейінгі айыпталушылар мен күдіктілер және шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар отырады. Толтыру лимиті – 430, бүгінгі таңда қамауда 250-ге жуық контигент бар. Сонық ішінде Сыбайлас жемқорлық қылмысының 366,367 – баптары бойынша қамауда ұсталынып отырғандар да бар. Олар – өздеріңіз секілді мемлекеттік қызметте болған азаматтар. Бұл азаматтар жазалау орындарына алғаш түсіп отырғандықтан, өзге қылмыскерлерден оқшауланып, бөлек камераларда ұсталынады. Бірақ, тәртіп пен талап бәріне бірдей қатаң, – деді РжКБ-нің бастығы әділет майоры А.Төребеков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: