Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталған мүгедектігін ұзартып берген ақ халаттыларға алғыс айтты

18.06.2021, 9:45 507

HALYQLINE.KZ Біздің зайырлы қоғамда, қылмыс жасап, темір торға түскендер қоғамнан оқшауланғанмен, олардың азаматтық құқықтары шектелмейді. Соның ішінде олардың денсаулығына қатысты мәселелері де, мүмкіндігінше қарастырылған.

Нақты айтар болсақ, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан бас бостандығы шектелген адамдарға, сондай-ақ ұсталған, қамауға алынған және арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер минстрінің 2020 жылғы 28 қазандағы №745 бұйрығына сәйкес жұмыстар атқарылады.

Осы орайда, Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу изоляторының медицина бөлімінің фельдшері, әділет лейтенанты Н.Талғаттың ықпал етуімен бір сотталғанның мүгедектігі қайта ұзартылды.

Мекеменің оқшауланған аймағында ұсталынып отырған Е. есімді сотталған мекеме қамауына 2019 жылы келіп түсткен болатын. Міне, сол уақыттан бастап, бұл азамат Бехтерова аурының диагнозымен 3 топ мүгедегі ретінде тіркелді. Мекеменің медицина қызметкерлері бұл азаматқа ауруы бойынша уақтылы ем-шарасын жасап отырады. Ең бастысы мүгедектігін ұзарту бойынша да, тиісті мекемелермен қарым-қатынас жасап, дер кезінде нәтежиесін көрсетіп келеді. Атап айтсақ, медицина бөлімінің фельдшері, әділет лейтенанты Н.Талғат Қалалық №6 емхананың дәрігерлерімен бірлесе отырып, №088 медициналық нысанды құжат толтырып, Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына ұсынды. Нәтежиесінде, 14.06.2021 жылмен мүгедектігі 2 жылға қайта ұзартылып, куәландырылды.

– Мен Бехтеров ауруының диагнозымен 2006 жылдан бері ауырамын. Тергеу изоляторына келіп түскеннен соң , бір жылдан кейін 2020 жылы осы медицина қызметкерлері дәрігерлерге қаратып, құжаттарымды дайындап, мүгедектігімді бір жылға создырып берген болатын. Енді міне, биылғы тексерістен соң, тағы қайта екі жылға ұзартылды. Және де, сүйеніп жүруге ыңғайлы балдақ алып берді. Сол үшін де ақ халатты абзал жандарға алғысымды білдіремін – деп ағынан жарылды дімкәс жан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: