Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталған өз әйелімен қайта некеге тұрды

26.11.2021, 9:30 635

HALYQLINE.KZ «Қазақта ашу дұшпан» деп текке айтылмаса керек-ті. Қатты ашу қысқанда, ақылға емес, сезімге беріліп жағымсыз жағдайларға барып жатқандар бүгінгі қоғамда өте көп кездеседі.

Сондай жандардың бірі ЗК-169/1 тергеу изоляторында жазасын өтеуде. ҚР ҚК-нің 120-бап, 1-бөлігімен сотталған бұл азамат отбасындағы күнделікті жанжал кезінде ашуланып сыртқа шығып кеткен. Іштегі ашу-ызадан арылам деп, арақ ішіп алады. Соңында, өзінің қалай қылмысқа барғанын байқамай қалады. Содан 5 жылға бас бостандығынан айрылып, темір торға қамаулы.

– Ажырасуымызға себеп болған – менің жасаған қылмысым. Әйелімді кінәламаймын, ол да ашудың буымен, некемізді бұзуға арыз берді. Бірақ, ортақ төрт баламыздың болашақ тағдырын ойлағандықтаан міне, екеуміз қайта қосылдық. Бұл маған үлкен қуат беріп, бостандыққа деген сенімімді арттырады. Жасаған қылмысым үшін қатты өкінемін, – деді, С есімді сотталған ер-азамат.

– Біздің тергеу изоляторына келіп түскен жаза мерзімін өтеушілер арасында, өз әйеліме қайта некеге тұру да, болып тұрады. Бұл жолы екі тараптан да, өтініш қабылданып,тиісті АХАЖ бөліміне жолданды. Арада кәмілетке толмаған 4 ұл-қыздарының болуына байланысты, некеге тұру өтініштері тез арада мақұлданды. Тиісті сала мамандары, тергеу изоляторына келіп, әйелі шақыртылып, неке куәлігі қайта табысталды, – деді мекеменің заңгер маманы Т.Өтегенов.

– Мекемеде сотталғандар әлеуметтік байланыстарын сақтайды. Ерлі-зайыптылар арасындағы сенімділікті арттыру мақсатында, бұл жұпқа ұзақ мерзімді кездесу ұйымдастырдық. Мұндай кездесулер, сотталғанның көңіл-күйіне жақсы әсер етеді. Соның нәтежиесінде, ішкі ережелерді бұзбай, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға немесе қоныс колонияға ауысуға тырысады. Жаза басып, жаңылысқандарға деген туыстарының осындай моральдік тұрғыдан қолдауы құптарлық, – деді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары, әділет майоры Қ.Олжабаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: