Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сиырыңды сатып беремін деп, сан соқтырды

17.11.2021, 11:15 458

HALYQLINE.KZ

Ағымдағы жылдың қараша айының 13-і күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 29 жастағы жергілікті қала тұрғыны арыз қалдырған болатын. Қараша айының 1-і күні сағат 13:00 шамасында алаяқ «21 бас сиырыңды сатып аламын» деп, сеніміне кіріп, сатып жіберген. Алайда сатылған малдың ақшасын иесіне қайтармаған. Бұл туралы аталған басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

Сол күні ұқсас қылмыс бойынша 2 бірдей қала тұрғынынан арыз келіп түсті. Екі жәбірленушіні алдап-арбау жолымен сенімдеріне кіріп, 30 бас жылқысын алып сатып жіберіп, ақшасын иемденгені анықталды. Келтірілген залал – 4 миллион 250 мың теңге.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол 30 жастағы алыпсатар саудагер болып шықты. Қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, осы қылмыстарды жасағанын мойындады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық, бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі таңда алаяқтың басқа да істерге қатыстылығы анықталуда.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: