Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорданың бұрынғы полиция бастығы сотталды

14.04.2022, 11:50 285

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығына қатысты сот үкімі шығарылды. Қылмыстық іс ашық сот отырысында қаралып, экс-офицер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы №2 қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Қылмыстық Кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша (бопсалау арқылы пара алу) қылмыс жасады деген айыппен сот алдында жауап берді.

Сот жоғары лауазымды тәртіп сақшысының пайда табу мақсатында жедел уәкілді қудалау қаупімен ақша беруге мәжбүр еткенін анықтады. Өзінің қылмыстық әрекеті әшкере болмас үшін ол басқа қызметкерге қолма-қол ақшаны алып, оған әкелуді тапсырған.

Белгілі болғандай, жәбірленушіде қажетті сома болмағандықтан ол әріптесінен қарыз сұраған көрінеді. Бірақ әріптесінде де ақша болмаған. Содан кейін ол әйеліне бастықтың талабы туралы хабарлап, әйелінен 50 000 теңге қаражат алады.

Прокурор сотталушыға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал адвокат болса оны ақтауды талап етті.

Сот Қызылорда полиция басқармасының бұрынғы басшысын Қылмыстық Кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ сот шешіміне сәйкес ол «подполковник» атағынан және одан әрі мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: