Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада пробациялық есепте тұрғандарға көмек көрсетуге арналған жиын өтті

15.08.2023, 17:51 156

HALYQLINE.KZ

Қызылорда аудандық және қалалық пробация қызметтерінде 1000-ға жуық сотталған есепте тұр. Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы үшін жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдармен бекітілген жоспарларға сай жұмыстар атқарылуда.


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәжіліс залында ҚАЖД пробация қызметтеріне басшылық жасау тобының бас маманы әділет майоры Ғ.Құлманов аудандық, қалалық пробация қызметінің басшыларына жиналыс өткізді. Жиынның басты мақсаты – пробация қызметінің есебіндегі тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, жергілікті полиция қызметімен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс жасау мәселесін көтерді.


Жиын барысында әділет майоры Ғаламат Құлманов пробация қызметінің бастықтарына «пробация қызметінің, жергілікті полиция қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі іс –қимыл алгоритмін бекіту туралы» ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің бірлескен бұйрығын таныстырып, жұмыс барысында осы бұйрықтың орындалуын, ай сайын әлеуметтік-құқықтық көмекті қажет ететін тұлғалармен әңгімелер жүргізуді, мекен жайларынан тексеру , сонымен қоса қайта қылмыстың алдын алу бағытында жұмысты жандандыруды тапсырды.


-Жыл басынан жергілікті атқарушы органдар арқылы есепте тұрған сотталған азаматтарға әлеуметтік- құқықтық көмек беру мақсатында есепте тұрған 100-ден астам жұмысқа тұрғызылды. Сонымен қатар, сотталғандарға тегін көмектер, яғни пробация қызметінің қолдауымен есепте тұрған сотталғандар дәрігерлік тексерулерден өтіп, психологтардың көмегі көрсетілуде. Осы орайда, жыл басынан бері есепте тұрған 82 сотталғанға медициналық тегін көмек жасалды. Пробация есебінде тұрған сотталғандарға жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік-құқықтық көмек беру жұмыстары жалғасын табатын болады,- деді әділет майоры Ғ.Құлманов.

Дана ДОСТАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: