Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда түрмесінде сотталушы қайтыс болды

18.09.2023, 11:00 200

HALYQLINE.KZ

Қызылордада облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемеде сотталушы қайтыс болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Алғашқы медициналық көмекті мекемедегі кезекші қызметкерлер көрсеткенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Жедел жәрдем бригадасы сотталушының қайтыс болғанын растады.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жоспарланып отыр.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: