Фото: Полиция департаменті
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес полиция өз кезегінде террористік тұрғыдан осал 82 нысанды (бұдан әрі – ТТО объектілері) терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Бұл адамдар көп жиналатын, аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті-өндірістік объектілер. Бұлардың көпшілігі білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт сияқты адам көп жиналатын орындар.
ТТО объектілерін тексеру кезінде полиция қызметкерлері объектінің техникалық нығайтылуын, сондай-ақ персоналдың террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге ден қою жөніндегі білімі мен дағдыларын тексереді.
Жыл басынан бері Қызылорда облысы Полиция департаменті 82 нысанды тексеріп, оның 27 объектісі талапқа мүлдем сәйкес келмеуіне байланысты ҚР ӘҚБтК 149-бабы бойынша әкімшілік хаттама ресімдеді, 36 объектіге кемшіліктерді жою туралы нұсқама берді. Қалған 46 объектінің талапқа сай келетіні анықталды.
Бұл терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы тексерулер нысандар талапқа толық сәйкестендірілгенге дейін жүргізілетіндігін объекті басшыларының назарына саламыз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!