Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қордайдағы қақтығыс: Юнхуларға сот үкімі шықты

30.04.2020, 16:27 736

Қордай оқиғасы кезінде, нақтырақ, сол оқиғаның тұтануына әкеліп соққан жағдай – зейнеткерге қол көтерген әкелі-балалы Юнхуларға сот үкімі шықты, – деп хабарлады Мәлім.кз.

Сортөбе ауылының тұрғыны Марат Юнхуға қасақана адам денсаулығына зиян келтіру бойынша айып тағылып, 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Юнху Марат Эрманэұлын ҚР ҚК 293-бап 3-бөлім 1 және 2 пункті (бұзақылық), 107-бап 2-бөлім 5-пунктіне (денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру) сәйкес қылмыстық құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылсын. Осы баптарға сәйкес екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, жазасы қылмыстық-атқару жүйесі орташа қауіпсіз мекемелерінде өтелсін», – делінген Жамбыл облысын Қордай аудандық сотының үкімінде.

Осы іс бойынша екінші қылмыскер деп танылған Эрсмане Юнхуға (Марат Юнхудың әкесі) 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.  Оған қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлімі 1,2 пункттері бойынша айып тағылған.

Еске сала кету керек, биылғы жылдың 7 ақпанында Жамбыл облысындағы Масанчи ауылында төбелес болып, мұның арты ұлтаралық сипаттағы жанжалға ұласқан. Ресми мәлімет бойынша қақтығыстан 11 адам қаза болып, 185 адам жараланды (ішінде полиция қызметкерлері де бар). 39 тұрғын үй және 47 автокөлік өртенді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: