Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қиын жағдайда адамның өмірін сақтау – біздің басты міндетіміз

06.09.2022, 14:30 276

HALYQLINE.KZ Ерлік жасау мамандық пен сала таңдамайды. Десе де, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ол – тәртіп сақшылары. Адам өміріне тікелей араша түсетін тәртіп сақшыларының әр күні қауіпке толы. Олар алдыңғы шепте, халық алдында қызмет ететіндіктен, ерлігі де, заңға қайшы әрекеті де бірден көзге түседі.

Қазбеков Мұрат Мейрамбекұлы Қызылорда қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонында қызмет атқарады. Қоғамдық тәртіпті сақтауда «алдыңғы қатарда» қызмет атқарып жүрген қызметкер. Қала тұрғындарының тыныштығы – патрульдік полиция қызметкерлерінің басты міндеті. Патрульдік полиция халыққа ең жақын деп саналады, өйткені тәулігіне 24 сағат күндіз-түні алдыңғы сапта қызмет етуде.

Басқарманың кезекші бөліміне 22 сәуір күні қала орталығында орналасқан көпқабатты Шұғыла мөлтек ауданы №17 үйдің 2 қабатындағы  58 пәтерде өрт шықты деген хабарлама келіп түскен.

Қою түтін арасынан жол тапқан сақшы Қазбеков Мұрат пен әріптесі  екеуі лаулаған от көрші пәтерлерге таралып кетпес үшін тез сөндіруге кіріседі. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келгенге дейін полицейлер тұрғындарды эвакуациялап, адамдарды құтқару жұмыстарын шебер ұйымдастырған.

Атқарған қызметі мен ерлігінің арқасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  бұйрығына сәйкес «Ерлігі үшін» төс белгімен марапатталды.

«Адамдарды апаттан құтқарып қалу – біздің қызметтік те, азаматтық та парызымыз. Біз сол сәтте ерлік жасайық, көзге түсейік деп ойлаған жоқпыз. Бар мақсатымыз – адамдарға көмектесу», – дейді патрульдік полиция батальонының инспекторы Мұрат Мейрамбекұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: