Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қаңғыбас» іс-шарасының бір күнінде 33 азамат басқармаға жеткізілді

06.12.2023, 16:55 197


Күн райының суытуына байланысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бастығының нұсқаулығына сәйкес көшеде белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың болуын бақылау шараларын күшейтті.

Осы тұрғыда желтоқсан айының 5-7 күндері аралығында «Қаңғыбас» жедел алдын алу іс-шарасы басталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғылықты жері жоқ, қайыршылықпен және қаңғыбастықпен айналысатын тұлғаларды анықтау, дактилоскопия саусақ іздерін алыпаталған санаттағы адамдардың арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын-алу.

Іс-шараның бір күнінде Қызылорда қаласы аумағында өмірдің қиын жағдайына қалып, қаңғыбастыққа салынып белгілі бір тұрақты мекен-жайсыз жүрген 33 азамат Қызылорда ҚПБ ЖПҚб-нің қабылдау-тарату орнына жеткізіліп, есепке алынды. Шектеу шараларына байланысты Қызылорда қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына 8 азамат жатқызылды.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: