Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қайтарымсыз грант табысталды

24.04.2023, 9:35 407

HALYQLINE.KZ

Қазалы ауданы прокуратурасының ықпалымен пробация бақылауындағыларға «Бастау бизнес» жобасы бойынша қайтарымсыз грант табысталды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Сот үкімімен сотты болып есепке алынған жандарды қоғамнан оқшауламай, болашаққа деген сенімін арттыру – бұл бағыттағы атқарылуға тиіс жұмыстардың негізгі міндеті.

Пробациялық бақылауға алынған азаматтарды қоғамға қайта қалыптастыруда аудандық прокуратурамен бірқатар іс-шаралар белгіленіп, олардың жүйелі жүзеге асырылуы үнемі қадағалануда.

Осы мақсатта құзырлы органдармен бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесінде есептегі 2 азаматқа (барлығы 2 млн 760 мың теңге) «Бастау бизнес» жобасы бойынша өздерінің дайындаған бизнес-жобаларын жүзеге асыру үшін әрқайсысына 1 млн 380 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант бөлініп, сертификаттар табысталды.

Қазалы ауданы бойынша пробациялық есепте барлығы 70 адам болса, оның 15-і түзелу жолына түсуіне байланысты түзеу мекемелерінен ауыстырылған. Биыл есептегі азаматтардың 4-еуі ақылы қоғамдық жұмысқа, 2-еуі квота бойынша тұрақты жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, демеушілердің көмегімен есептегі 12 азаматтың отбасына қайырымдылық көмек есебінде азық-түлік берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: