Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пробация есебіндегі 19 сотталған жұмысқа орналасты

12.09.2023, 17:54 95

HALYQLINE.KZ

Жаңақорған ауданы Ордакент ардагерлері және жастар ресурстық орталығында аудандық прокуратура, аудандық пробация қызметі және аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізді.

Бос орындар жәрмеңкесіне пробация есебіндегі азаматтар жұмыс іздеуші ретінде қатысты. Нәтижесінде 2 сотталған жұмыс тапты. Олардың бірі А есімді азамат «Пітай» шаруақожалығына , ал екіншісі азамат «Мұрат» шаруақожалығына жұмысқа орналасты.

«Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру олардың құқық бұзушылықтармен қайта қылмыс жасауларының алдын алу шараларының бірі болып табылады. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік-құқықтық, заңгерлік, медициналық, психологиялық және т.б көмектерді көрсетеді. Сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту орталығымен сотталғандарды жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік оқуларға жіберу секілді жұмыстарды атқарып келеміз. Жыл басынан 19 есептегі азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. Есептегі жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа орналастыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- деді аудандық пробация қызметі бастығы әділет майоры Анарбек Искаков

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: