Қызылорда облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық айлығы басталды, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.
Айлықтың алғашқы 4 күнінде 1454 өрескел құқық бұзу дерегі тіркелді. Оның ішінде қауіпсіздік белдігін тақпау, тасымалдау қағидаларын сақтамау (299), жаяу жүргіншілер жолағынан өтпеу (104), міндетті сақтандыру заңнамасының талаптарын елемеу (87), көлік тізгінінде келе жатып ұялы телефон пайдалану (75), міндетті техникалық тексерістен өтпеу (69) сияқты жағдайлар жиі кездесті. Сонымен қатар 137 автокөлік айып тұрағына қойылып, 48 темір тұлпардың мемлекеттік тіркеу белгілері алынып, жүруіне шектеу қойылды.
“Талдау нәтижесі республикалық маңызы бар Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент автожолында, яғни Қызылорда-Ақтөбе бағытында жолдың екіжолақты болуы себепті көліктердің бір-бірінен озуға ұмтылуы, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кетуі сияқты жағдайлар көбейген. Осыған байланысты ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданыла бастады. Дрондар арқылы 50-ге жуық өрескел құқықбұзушылық анықталды”,- деді Қызылорда облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мұратбек Манатов.
Жыл басынан бері өңірде 233 жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 17 адам көз жұмды. 307 адам дене жарақатын алған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!