Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Цифрлық бақылау тиімділігін көрсетті

13.11.2026, 11:15 40

Қызылорда облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 218 автоматты тіркеу құрылғысы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың көмегімен биыл 10 айда 154 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Қазіргі кезде облыс аумағында 25 мобильді кешен, 167 стационарлық автоматты тіркеу жүйесі және 20 жол учаскесінде орналасқан 80 интеллектуалды қиылыс құрылғысы жол қозғалысын бақылауға бағытталған.

– Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Осы бағытта заманауи цифрлық технологиялар кеңінен қолданылып келеді. Атап айтқанда, жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін және жүргізушілер жаяу жүргіншілерге басымдық бермейтін 25 жол учаскесіне «SUNQAR» кешені орнатылды. Оның 20-сына ақылды жаяу жүргіншілер өткелі функциясы қосылған. Бұдан бөлек жасанды интеллект мүмкіндіктері бар 915 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр, – деді облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мұратбек Манатов.

Жыл басынан бері «SUNQAR» кешендері арқылы 68 мың 114 құқықбұзушылық анықталған. Сонымен қатар жедел жәрдем және қоғамдық көлік құралдарына автоматты тіркеу функциясы бар екі мобильді кешен орнатылып, пайдалануға берілген. Жалпы мобильді кешендердің көмегімен 8 мың 749 құқықбұзушылық тіркелген.

  • Жол қауіпсіздігін бақылау бағытындағы жұмыс республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында да күшейді. 9 қарашадан бастап Қарабұтақ – Шымкент – Қызылорда халықаралық әрі республикалық маңызы бар автомобиль жолының Қызылорда қаласы мен Арал ауданы аралығындағы 6 «ZEREK-2» аппараттық-бағдарламалық кешенінде көлік құралдарының орташа жылдамдығын бақылау жүйесі ресми түрде іске қосылды. Аталған кешендердің көмегімен 15 мың 752 құқықбұзушылық анықталды, — деді департамент өкілі.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 10 айда жол-көлік оқиғаларының саны 11,6%-ға төмендеген.


Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: