Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полицейлердің сенімді серіктері

18.02.2022, 12:20 337

HALYQLINE.KZ

Ит – адамның досы ғана емес, полиция қызметкерлерінің айнымас көмекшісі. Қызылорда облысы Полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығының қызметтік іздестіру иттері қылмыстарды ашуда полицияға баға жетпес көмек көрсетеді. Төрт аяқты көмекшілер қылмысты анықтауға, із кесуге, есірткі мен жарылғыш заттарды іздестіруге және одорологиялық сәйкестендіруге қатысады. Барлығы күшік кезінен арнайы оқу-жаттығу курстарынан өтіп, белгілі бір бағыттағы құқық бұзушыларды анықтауға мамандандырылған қызметтік иттер.

Орталықта 21 қызметтік-іздестіру иті бар. Олардың 3-еуі есірткі затын іздестіруге, 2-еуі жарылғыш затын іздестіруге, 2-еуі із кесу саласы, 2-еуі одорология бойынша және 1 қызметтік іздестіру иті шабуылдау бағыты бойынша қызмет атқарады, 3 қызметтік ит қазіргі таңда үйретілуде. Ал қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің теңгерімінде 17 қызметтік-іздестіру иті бар. Олар есірткі затын іздестіру, күзет қызметі (УҰИ) және ізге түсу бағыты бойынша қызмет атқарады.

«Қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен өткен жылы 219 қылмыс әшкереленді. Олар негізінен есірткімен байланысты қылмыстар, ұрлық және тағы басқа қылмыстар» дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.

Сонымен қатар, Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері 2021 жылы өздеріне бекітілген қызметтік іздестіру иттерімен Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Алматы қаласындағы Кинологиялық оқу орталығында үш сала бойынша, яғни есірткі затын іздеу, одорология – иістерді сәйкестендіру және адам иісі бойынша ізге түсу біліктілікті арттыру курстарын аяқтады.  

Оқу курстарының қорытындысымен республика бойынша кинолог мамандардың арасында өткізілген жарыста Қызылорда ОПД Кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологы, полиция аға лейтенанты Азиз Арифов өзіне бекітілген «Вена» атты қызметтік итімен «Заттардан іріктеме алу» және «Абсолюттік сынақ» бойынша жүлделі екі 2-орынды иеленген.

Кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы, полиция сержанты Бердібек Жаңғабыл өзіне бекітілген «Феликс» және «Вулкан» атты қызметтік иттерімен «есірткі затын іздеу» бойынша жүлделі 2-орынды және «одорология» саласы бойынша 3-орынды иеленді.

Кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы, полиция аға сержанты Әлібек Әбілов өзіне бекітілген «Верный» атты қызметтік итімен «жарылғыш затын іздеу» саласы бойынша жүлделі 1-орынды иеленді.

Сонымен қатар Жалағаш АПб кинолог маманы, полиция аға лейтенанты Шоқан Маханбетжанов өзіне бекітілген «Виви» атты қызметтік итімен «Із кесу» саласы бойынша жүлделі 3-орынды иеленді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: