Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мигрант»: 1 күнде 83 құқықбұзушылық анықталды

09.04.2024, 17:55 80

HALYQLINE.KZ

Облыс аумағында 8-10 сәуір аралығында өтіп жатқан «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының 1 күнінде 83 құқықбұзушылық анықталды, Оның ішінде шетел азаматтарымен жасалған 58 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 25 азаматына қатысты әкімшілік шаралар көрілді.

Құрметті облыс тұрғындары! Шет мемлекеттерден жұмыс істеуге келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталығы (ЦОН) арқылы заңдастырып, Көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс істеткендеріңіз абзал. 

Заң талаптарын орындамай өрескел бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетіндігін ескертеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: