Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік сатып алу мәселелері қаралды

23.09.2021, 16:50 195 0

  Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен мемлекеттік сатып алу мәселелеріне қатысты кездесу өтті. Жиында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғалым Едігеев атқарылған жұмыстарды баяндады.

Жыл басынан бері тапсырыс берушілермен 2944 конкурстың 2808-і немесе 95%-і жарияланды. Нәтижесімен,1363 сатып алуы бойынша 5 млрд теңге үнемделген.

Қалған 1445 конкурстың және жыл соңына дейін өткізу жоспарланған 136 сатып алудың өткізілуі бақылауда.

Жарияланған сатып алулардың 945 – басқармамен ұйымдастырылып, былтырмен салыстырғанда 40%-ға көбейіп отыр.

Ал, қала және ауданның бірыңғай ұйымдастырушыларымен 1573 мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланып, бұл көрсеткіш 36%-ға артқан.

Тапсырыс берушілермен 290 дербес конкурс ұйымдастырылып, былтырға қарағанда 50 бірлікке азайған.

Яғни, барлық өткізілген сатып алулардың 90% бірыңғай ұйымдастырушыларымен жүргізілуі оларға деген сенімнің былтырмен салыстырғанда, артқанын көрсетіп отыр.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік сатып алу конкурстарының заң аясында өтуін қатаң бақылауда ұстап, бөлінген қаржының уақытылы игерілуін тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: