Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мекеме қызметкерлері Тыл ардагеріне құрмет көрсетті

30.09.2021, 13:40 332

HALYQLINE.KZ 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Қазақстанда да жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі. Мереке қарсаңында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері ҰОС жылдарында тылда еңбек еткен Гүлзада Сманқызын үйіне барып құттықтады.

Ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосқан тыл ардагері Сманқызы Гүлзада әжеміз 80 жасқа келсе де әлі тың көрінеді. Алтын алқа иегері, батыр ананың ендігі арманы «өзі бастан кешірген қиыншылықты қазіргі ұрпақ көрмесе екен» деп тілейді. Тыл еңбегінің ауыр жүгін арқаласа да, ұрпағының бүгінгі бақытты сәті үшін көрген мехнатына еш өкінбейтінін айтты. Жұбайымен 10 бала өсіріп, олардан тараған немере, шөбере қызығын көріп отырған кейуана қазіргі бейбіт заманға шүкіршілік етеді. Қазір немере-шөберелерінің ортасында отырған қария оларға үнемі төзімділік пен еңбекқорлық жайлы жиі айтады

– Қарттар – біздің ең асыл қазынамыз. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілікте тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы. Ортамызда жүрген санаулы қарттардың қадірін біліп, көзі тірісінде құрмет көрсету қай-қайсымыздың болсын адамдық парызымыз», – деді мекеменің кадр саясаты тобының аға инспекторы Дінмұхаммед Оспанов.

Мереке қарсаңында арнайы келіп, құрмет көрсеткен мекеме қызметкерлеріне ардагер әжеміз алғысын айтып, батасын берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: