Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есептегі азамат өлеңмен алғысын жеткізді

05.03.2021, 12:00 460

HALYQLINE.KZ Қазалы аудандық пробация есебіндегі Н. есімді азамат өзінің алғысын өлең жолдары арқылы білдірді. Жаза басып істі болған ол пробация есебіне 2019 жылы алынады. Оған Қазалы аудандық пробация қызметінің қызметкерлері әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін және қоғамға әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмек көрсетті. Сонымен қоса, пробация қызметкерлері оған мемлекеттен қайтарымсыз грант алуына, жеке кәсіп ашуына көмек көрсетті.

Санаға сәуле төгіп, жарық бөлген,

Қол босқа жұмыс қарап тауып берген.

Кәсібіңнің нәсібін көрем десең,

Қайтарымсыз несие алып берген.

Пробация ұжымына шексіз алғыс,

Шектеусіз қамқорлығын халық көрген.

Әрбірі аман-есен жүрсін дейміз,

Орынын сый-құрметпен алып төрден.

Кең болсаң, пейіліңе береді Алла,

Сендерді теңемейін неге нарға.

Арқалап жүргендерің елдің жүгі,

Жақсылық жаршысына себеп ол да.

Мәртебе мандаттарың жоғарылап,

Жетіңдер жарық жұлдыз генералға.

Қазалы пробация ұжымы боп,

Алда да бітіріңдер үлкен шаруа.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: