Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есепші ақша жымқырғаны үшін сотталды

14.11.2023, 8:35 276

HALYQLINE.KZ

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 189-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісіммен Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта Н. мекеменің есепшісі болып жұмыс істей отырып, еңбекақыны есептеу және аудару кезінде, бірінші басшының ЭЦҚ-сын қолында бола тұра, өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жалақы және өзге де төлемдер ретінде өз жеке есепшотына қаражат аударып, мемлекетке 3 343 347 теңге шығын келтіргені анықталды.

Басты сот талқылауы барысында сотталушы тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады. Мемлекетке келтірген шығын толықтай өтелген.

Сот үкімімен Н. ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілемей, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: