Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бишімбаев ісі»: Прокурор Салтанат Нүкенова өлтірілген күні не жағдай болғанын айтты

11.03.2024, 16:35 89

HALYQLINE.KZ

Бүгін Астана сотында прокурор Салтанат Нүкенова өлтірілген күні марқұм әйел мен күйеуі Қуандық Бишімбаевтың арасында не жағдай болғанын оқып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Прокурордың айтуынша, кісі өлімі болған күні Бишімбаев пен Нүкенова концертте болған.

«Концерт кезінде Бишімбаев болмашы себеппен жанжал шығарған. Концерттің аяқталуын күтпестен екеуі ғимараттан шығып, жанжалдасып, «Бао» мейрамханасына жаяу барған», – деді прокурор.

Нүкенова ағасына жазған хабарламасында Бишімбаевтан кеткісі келетінін айтқан.

Бишімбаев мас күйде Нүкенованың басынан бірнеше рет қатты ұрған. Сонан соң ол оны тепкілей бастаған. Нүкенова бөлмелердің біріне тығылмақ болған, бірақ Бишімбаев есікті қағып, тағы да ұрған.

Мемлекеттік айыптаушы атап өткендей, Нүкенова бірнеше рет есін жиғанымен, экс-министр оны ұра берген.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: