Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Балалар түнгі қалада»: 298 әкімшілік хаттама ресімделді

04.06.2025, 8:45 65

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысында 28 мамыр мен 30 мамыр аралығында өткізілген «Балалар түнгі қалада» жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың жолын кесу, топтық төбелестерді болдырмау. Іс-шараның қорытындысын облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ердәулет Жаукеев хабарлады.

– Іс-шараның қорытындысымен кәмелетке толмағандарға қатысты барлығы 298 әкімшілік хаттама ресімделді. 16 кәмелетке толмаған жас ішкі істер органдарының есебіне алынды. Қадағалаусыз және панасыз қалған 1 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылса, 5 жасөспірім тыйым салынған заттарды алып жүргені үшін полиция бөлімдеріне жеткізілді. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін барлығы 29 ата-анаға хаттама толтырылды. Ортақ пайдаланатын орындарды ластау бойынша 11 құқықбұзушылық анықталды. Түнгі тыныштықты бұзу бойынша 4 кәмелетке толмаған анықталды. Сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы және сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы бойынша барлығы 278 кәмелетке толмаған анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылды, – деді Ердәулет Баянбайұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: