Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Анасын пышақтады деген күдікті Вьетнамнан жеткізілді

12.08.2026, 11:40 69

Анасына бірнеше рет пышақ сұқты деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Вьетнамнан экстрадицияланды.

Бас прокуратураның мәліметінше, оқиға былтыр қарашада болған. Күдікті үйінде алкогольдік масаң күйде отырып, жанжалдан кейін анасына бірнеше рет пышақ сұққан.

Оқиғадан соң ол шетелге қашып, халықаралық іздеуге жарияланған. Іздестіру барысында күдіктінің Вьетнамда жүргені анықталып, биыл маусымда Дананг қаласында ұсталды.

Бас прокуратура, ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы және Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі күдіктіні елге жеткізді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағылған айып дәлелденсе, күдікті үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: