Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлеуметтік жоба қайта қылмыс жасау деңгейін төмендетуге ықпал етеді

23.11.2022, 16:15 584

HALYQLINE.KZ

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сотталғандардың қайта қылмыс жасауына олардың түзу жолға түсуге деген ниетінің жоқтығы, тұрақты жұмыс орнының болмауы, ішімдікке салынуы түрткі болады. Сондай-ақ, қылмысқа барудағы алғашқы салдарды анықтап қарағанда, көбіне сотталғандардың әлеуметтік бағыттан алшақтауынан, яғни тұрмыстық проблемаларының дұрыс жолға қойылмағандығынан қайта қылмысқа барады.

Осы проблемаларды шешу үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар және босатылғандардың, сонымен қатар пробация қызметінің есебіндегі тұрғандардың өміріне қатысуға қоғамдық және мемлекеттік ресурстарды тарту, жоғалтқан әлеуметтік-қажетті байланыстарды қалпына келтіру, олардың тарапынан қылмыстың қайталануын алдын алу, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғанға босатылғаннан кейін оның мәселелерін шешуге қажет қызмет түрін айқындау қолға алынған. Яғни, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіруді және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар және босатылғандарды, сонымен қатар пробация қызметінде есепте тұрғандарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту орталығының жұмысын ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы Қызылорда облысында бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Ал, 2022 жылдың маусым айынан бастап осы әлеуметтік жобаны «Жігер» Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі атқарып келеді. Бұл жобаны сапалы атқару мақсатында аталған қоғамдық бірлестік «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесімен Ынтымақтастық туралы меморандум жасады. Әлеуметтік жобаға Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Пробация қызметінде (Қызылорда қаласы, 7 аудан қоса), №37 (ЗК169/4) және №60 (ЗК169/5) мемлекеттік мекемелерінде есепте тұрғандар, Қызылорда облысы полиция департаментінде есепте тұрған ҚР ҚК 63-бабына сәйкес шартты түрде сотталғандар және ҚР ҚК 72-бабына сәйкес жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған азаматтар тартылды.

2022 жылдың маусым-қараша айларында 50-ден аса іс-шара ұйымдастырылды. 2022 жылдың 22 маусымында «Қоғамдық келісім» КММ «Достық» үйінің конференц залында «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар және босатылғандарды, сонымен қатар пробация қызметінде есепте тұрғандарды қайта әлеуметтендіру және қайта оңалту орталығының жұмысын ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тұсаукесері ретінде дөңгелек үстел өтті. Онда шақырылған барлық мекеменің жауапты қызметкерлеріне жобаның мақсат-міндеттері түсіндірілді. Жоба психологтері Жаңагүл Тілеуова, Қарлығаш Қойшыбаева психологиялық тренингтер ұйымдастырды, жеке психологиялық қабылдаулар өткізіп, азаматтарға психологияық көмек көрсетті. Жұмыспен қамту орталығының мамандары, кәсіпкерлер палатасының өкілдері «Жұмыспен қамту. Әңгімелесуден қалай өту керек?», «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтендіру және олардың құқықтарын қорғауды іске асыру», «Жеке кәсіпкерлікті қалай ашу керек?», «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға несие алу шарттары» тақырыптарында кездесулер мен кеңес берулер ұйымдастырды.

Жоба заңгері М.Жұмаділаев құқықтық кеңес беріп, есепте тұрған азаматтардың құқықтары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді, тәжірибелік көмек көрсетіп, арнайы шығарылған ақпараттық-танымдық брошюралар таратты. Жоба аясында үш азамат жұмысқа орналасты. Есепте тұрған азаматтардың арасында саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында 18 рет шахмат, дойбы, нарды, футбол, волейбол спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Азаматтарға рухани азық болатын мәдени іс-шаралар, яғни Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия, концерт, қазақтың салт-дәстүрлері туралы «Салт пен сана» кітабының авторы Сәкен Мінуарұлымен кездесу ұйымдастырылды. Есепте тұрған азаматтардың отбасылық, тұрмыстық, әлеуметтік, психологиялық жағдайларын зерделеу мақсатында сауалнама алынды.

Жобаға Қызылорда қаласында және облыстағы жеті ауданда есепте тұрған азаматтар тартылды. Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Пробация қызметі, №37 (ЗК169/4) және №60 (ЗК169/5) мемлекеттік мекемелері, Полиция департаменті басшыларының түсіністікпен қарап, қолдауы арқасында жоба нәтижелі жүзеге асырылуда. Әлеуметтік жобаның көзделген мақсаттары мен міндеттері толық орындалған жағдайда Қызылорда облысы бойынша қылмыстың азаюына өз ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Мұрат  Жұмаділаев,

«Жігер»  Қызылорда  облысы  мүгедектері  қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: