Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

5 күннен бері іздестірілген 18 жастағы бойжеткен аман-есен табылды

22.12.2023, 9:45 256

18 жастағы бойжеткен 17 желтоқсан күні сағат 09:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстарына Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды.

Іздеу шаралары аясында әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды. Полиция қызметкерлері 5 күннің ішінде жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бойжеткен 21 желтоқсан күні кешкі уақыт 22:00 де қала аумағынан табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды.

Полицейлер табылған бойжеткенмен және ата-анасымен профилактикалық бағытта әңгімелесу жұмыстарын жүргізді.​

Құрметті ата-аналар егерде сіздің балаңыз немесе жақыныңыз із-түссіз жоғалып жатса, онда уақыт өткізбей тез арада полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыз. Полицейлер жоғалған жанды жедел табу үшін іздестіру шараларын атқаруға әрдайым дайын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: