Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

3 жыл жоғалған қызылордалық азамат табылды

08.04.2021, 15:00 379

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының тұрғыны 2018 жылдың қазан айында 48 жастағы туған інісінің тұрғылықты үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмау дерегіне байланысты іздестіру жұмыстарын жүргізуді сұраған болатын.

Аталған дерек бойынша сол уақытта іздестіру ісі арналып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Қармақшы аудандық полиция бөлімінің криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілдерімен жүргізілген тынымсыз іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 6 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен азамат Түркістан облысы, Түркістан қаласында вокзал маңында жүрген жерінен табылды.

Қазіргі таңда ол Қызылорда облысы ПД-ң Қармақшы АПБ-не жеткізіліп, інісіне тапсырылды.

Белгілі болғандай, жүйке ауруымен ауыратын бұл азамат алдында да үйінен кетіп қалып жүрген. Сұрастыру барысында, жоғалған ер адам осыған дейін Алматы қаласында мал шаруашылығында жүріп, мал бағып күнін көргендігін айтуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: