Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлы Жеңіске 80 жыл: Соғыстың ең кәрі және ең жас жауынгері

09.05.2025, 7:54 196

1942 жылы совет академигі Николай Морозов 88 жаста екендігіне қарамай майданға жіберуін сұрап военкомат есігін тоздырады. Ең соңында Сталиннің өзі мені жақсы танитын болғасын хат жазамын дегесін амалсыз майданға жібереді. Николай Морозов 1854 жылы Санкт-Петербургте дүниеге келген, гимназияда оқып жүргенде, халықшылдар үйірмесіне қатысқаны үшін оқудан шығарылады. 1882 жылы террористердің «Халық еркі» ұйымының мүшесі болғандықтан түрмеге жабылады. Түрмеде өздігінен білімін жетілдіріп оннан астам тіл үйреніп, физика, химия, биология саласында зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 1905 жылы амнистияға ілігіп түрмеден шыққанмен революциялық қызметін тоқтатпағасын, қайтадан түрмеге жабылады. Академик Н.Морозов өмірінің 30 жылын түрмеде өткізеді. Кеңес өкіметі кезінде биохимия зерттеу институтын құрады. 1934 жылы 80 жасында «ОСОАВИАХИМ» ге жазылып снайперлер курсын бітіріп алады. Осыдан алған снайпер деген куәлігін алға тартып ақыры соғысқа алынады. Майданда басқа мергендер сияқты қар үстінде жатып, жау нүкелерін бақылап, жау офицерлерінің көзін құртады. Сексен сегіздегі снайпер барына сенбеген басқа әскери бөлімдегілер, келіп сырттай көріп кетеді екен. 1944 жылы «Ленинградты қорғаны үшін» және Ленин орденің тапсырып «аға-көкелеп, сіз ғылымға керексіз» деп шығарып салады. 1946 жылы 92 жасында қайтыс болады. Тарихта екінші дүниежүзілік соғыстың ең қарт жауынгері болып қалды.

Соғыстың ең жас жауынгері Сережа Алешков соғыс басталғанда 5 жаста еді. Ағалары Иван мен Андрей майданға кетіп қалады. 1941жылы күзде деревнясын фашистер басып алғанда, он жастағы ағасы Петяның партизандармен байланысы бар деп дарыға асады, анасы Анастасия араша түсем деп ұмтылғанда оны да атып тастайды. Партизандармен байланысы бар отбасынсың барлық мүшелері атылатының білген көршісі кішкентай Сережаны терезеден шығарып «орманға жеткенше тоқтамай қаш» дейді. Орманда жабайы жемістер жеп, шөлден есінен танып құлап жатқаның көрген атқыштар полкінің барлаушы жауынгерлері тауып алып, аман алып қалады. Қоршауда қалғандықтан тылға жіберу мүмкін болмағандықтан полк баласы болып қалады. Жауынгерлерге білетін тақпаған айтып көңілін көтереді, почта тасып бәрінің сүйіктісіне айналады.

1942 жылы Сталинград шайқасы кезінде блиндажға бомба түсіп полк штабы үйінді астында қалады. Осыны көрген кішкентей қатардағы гвардияшы жауынгер Сережа Алешков көмек алып келеді. Үйіндіні ашқанша жылап тұрады, себебі үйінді астында бала қылып асырап алған полк командирі М.Воробьев бар еді. Осы ерлігі үшін майдан қолбасшысы армия генералы Василий Чуйков Сережаның төсіне «За боевые заслуги» медалін тағып, есімі жазылған «Вальтер» тапаншасын тапсырады.

Сосын өзінің бинокльмен ормандағы екі адамды байқап хабарлайды, барлаушылар ұстап әкелгенде, бұлардың әскери бөлімін бомбылау үшін жіберген жау барлаушылары болып шықты, олар рация арылы корректиировка жіберіп жатқан жерінен ұстап алды. Осы ерлігі үшін бірінші дәрежелі Отан соғысы орданімен марпатталды. 1945 жылы «Берлинді алғаны үшін» медалімен марапатталды. Соғыстан кейін өзін асырап алған командирінің отбасында тәрбиеленіп, Суворов училищесін бітіреді. Бірақ соғыс кезінде денсаулығын құртып алғандықтан әскери қызметке жарамайды. Харьков қаласындағы институтта оқып заңгерлік мамандығымен прокуратура саласында қызмет істеп үйленеді. 1990 жылы 54 жасында жүрек талмасынан қайтыс болады. Тарихта дүниежүзік соғысының ең жас жауынегрі болып қалды Осы ерекше екі адам туралы «Снайпер» және «Солдатик» деген кино түсірілді.

Бақытжан Абдул-Түменбай тарихшы, журналист-дайджест.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: