Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үздіктер Randstad Employer Brand Research сыйлығымен марапаттады

03.05.2021, 11:30 384

HALYQLINE.KZ «Филип Моррис Қазақстан» компаниясы (ФМҚ) Randstad Employer Brand Research зерттеу қорытындылары бойынша өз санатындағы үздік жұмыс беруші атанды. Ол Қазақстанда 2021 жылы қаңтарда өткізілді және жұмысқа қабілетті жастағы 3,5 мың қазақстандықты қамтыды. Арнайы әдістеме бойынша олар елдегі 10 түрлі санаттағы жұмыс берушілердің 100 брендін бағалады.

Randstad Employer Brand Research жұмыс берушілер брендтерінің тартымдылығын зерттеу Қазақстанда екінші жыл қатарынан жүргізілуде. Өзінің отыз жылдан астам тарихында штаб-пәтері Димен қаласында (Нидерланды) орналасқан Randstad халықаралық холдингінің сайысы 34 елді қамтыды. Қазақстанда жоба ANCOR Central Asia компаниясымен іске асырылды – ол Randstad стратегиялық серіктесі, Халықаралық стаффингтік топ – ANCOR құрамына кіреді.

Randstad Employer Brand Research сыйлығының ерекшелігі – жұмыс берушілер зерттеуге қатысуға өтініш бере алмайды немесе оған қатысудан бас тарта алмайды. Әр елде тұрақты қызметкерлер құрамы бойынша ең ірі компаниялардың тізімі жасалады. Онлайн-сұхбат нысанында зерттеу жүргізу үшін әр елдің еңбекке қабілетті халқының өкілдері шақырылады. Қайталап таныстырмалы іріктеме 40 жастан кіші адамдарға баса назар аудара отырып, 18 жастан 65 жасқа дейінгі жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін студенттерді қамтиды. Респонденттер өздері жұмыс істегісі келетін компанияларды таңдайды, содан кейін таңдалған компаниялардың әрқайсысының тартымдылығын негізгі критерийлер бойынша бағалайды.

ANCOR Central Asia компаниясының бас директоры Валерия Петрунина атап өткендей: «Randstad зерттеуінің құндылығы – бұл жұмыс беруші-компания ұсынатын нәрсе емес, оны адамдар қалай қабылдайтынын зерттеу».

ФМҚ персоналды басқару жөніндегі директоры Алтынай Тезекова: «Жақында ФМҚ кезекті мәрте Top Employer халықаралық сертификатын алды, бұл біздің қызметкерлерімізге ерекше жағдай жасайтынымызды куәландырады – және бұл біздің ішкі HR процестерімізді тәуелсіз зерттеу болды. Ал Randstad сыйлығы біздің жұмысымызды және жалпы жұмыс беруші брендімізді еңбек нарығының қатысушылары, әлеуетті жұмыс іздеушілер қалай көретінін дәлелдейді. Бұл біз үшін үлкен артықшылық, өйткені біз елдің ең жақсы жұмыс берушілерінің бірі екенімізді дәлелдеп қана қоймай, сонымен қатар ол компанияға таланттарды тартуға көмектеседі. Жұмыс берушінің тартымды бренді – бұл компанияның жұмыс беруші ретіндегі айқын «көрінісі» – бұл бәрімізді біріктіретін нәрсе» – деп белгілеп өтті.

Сауалнама деректеріне сәйкес, қазақстандықтар үшін жұмыс берушіні таңдаудың ең маңызды критерийлері мыналар болып табылады: жақсы еңбек ақы, қаржылық тұрақтылық, мансаптық өсу, жағымды жұмыс атмосферасы және қызықты жұмыс. Зерттеу көрсеткендей, жұмыс іздеу үшін қазақстандықтардың көпшілігі (48%) жеке байланыстарды, 38% – мамандандырылған сайттарды, 34% – әлеуметтік желілерді пайдаланады, 19% – Google арқылы бос жұмыс орындары туралы хабарландыруларды табады, ал 12% – бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне барады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: