Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үш жақты меморандумға қол қойылды

08.09.2020, 17:30 365

HALYQLINE.KZ 8 қыркүйекте Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Қызылорда еріктілері» қоғамдық қорының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Багдат Данилов және Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» директоры Бауыржан Мастеков, «Қызылорда еріктілері» қоғамдық қорының жетекшісі Ольга Чебакова Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа ала отырып, өз құзыреттері және өкілеттіктері шегінде, азаматтық қорғау саласында профилактикалық іс-шараларды қамтамасыз ету және жүргізу бойынша бірлескен іс-әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында Меморандумға қол қойды

Ондағы негізгі мақсат – «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген функцияларын іске асыру, төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін барынша азайту, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, материалдық шығынның көлемін болдырмау.

Олар осы Меморандум әріптестік қарым-қатынасты орнату және дамыту бойынша негізгі құжат болатындығына, «123-Шақыру» жаңа жобасын іске асыруға келісті. Жобада іздеу жұмыстарына волонтерлер мен жастарды оқытуды қарастыратын болды.

Тараптардың әрқайсысы іскерлік байланысқа қолдау көрсетуге және олардың өзара қарым-қатынасының тиімділігін қамтамасыз ететіндігін айтты.

Азаматтық қорғау саласында, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуда профилактикалық іс- шараларды, тұрғын секторында аула аралауға, көпқабатты үйлерде жиындар өткізуге, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасылары арасында рейдтерді жүргізуге;

– халыққа өрт қауіпсіздігі және судағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау бойынша жадынамалар таратып, профилактикалық іс-шаралар өткізуге;

– табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде өзара көмек көрсетуге;

– азаматтық қорғау органдарының бейінді оқу орындарына түсу үшін, сондай-ақ жұмысқа тұру үшін оқушылар мен жастар арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуге;

– төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға халықтың дайындығын ұйымдастыруға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге атсалысып, ынтымақтаса тәжірибе алмасатын болды.

Айгүл НҰРМАНОВА,

Қызылорда облысы ТЖД бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: