Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тыңдай білу де – өнер

26.01.2024, 8:45 123

HALYQLINE.KZ

Бір күні фермер шөп жиналған сарайында сағатын жоғалтқанын аңғарады. Ол соншалықты да құнды дүние емес, бағасы да қымбат болмайтын, алайда, ол сүйікті адамының сыйлығы болғандықтан да құнды еді.

Сарайды олай да бұлай қарап, ұзақ уақыт іздегенімен, таба алмайды. Күш-қуаты да қалмайды. Жақын маңда ойнап жүрген балаларды көріп, егер кімде-кім шөп арасынан сағатты тауып алатын болса, сыйақысын беретінін айтып, көмек сұрайды.

Мұны естіген балалар жапа-тармағай сарайға қарай жүгіріп, үйілген шөптің астын-үстін қанша ақтарып қараса да, табылар сағат болмайды. Іздеуден нәтиже шықпағанын көріп, салы суға кеткен фермердің жанына сол кезде кішкентай бала келіп, оған мүмкіндік беруін сұрайды.

Балаға үңіле қараған фермер оның жүзінен соншалықты шынайылықты көріп, неге болмасын деп ойлап, баланы сарайға жібереді.

Біраз уақыттан соң бала сарайдан қолына сағат ұстап шыққан кезде, таңданысында шек болмайды. Қуанышқа бөленген фермер баладан өзгелер таба алмағанда ол қалай тауып алғанын қадала сұрайды.

Бала: «Мен ештеңе жасаған жоқпын. Еденге отырдым да тыңдадым. Тыныштықта мен оның тықылын естідім, дыбыс шыққан жерге қарай жүріп, тауып алдым», – дейді.

ТОҚЕТЕРІ: БАЙСАЛДЫ ДА САБЫРЛЫ САНА АШУ КЕРНЕП, АБЫРЖЫҒАННАН ГӨРІ ЖАҚСЫРАҚ ОЙЛАЙДЫ.

КЕЙДЕ ЖАЙ ҒАНА ТОҚТАЙ ҚАЛЫП, ТЫҢДАЙ БІЛІҢІЗ.

Аударған  Айгүл  САҒЫМБАЙ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: