Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды

03.08.2020, 12:05 716

HALYQLINE.KZ Нақты кезеңде Қазалы ауданында эпидемиологиялық ахуалдың толық тұрақтала қоймағаны белгілі. Десе де, жоспарланған жұмысты жалғастыру, халықтың мұң-мұқтажын тыңдау басты күн тәртібіне қойылған.

Соған орай атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа таныстырып, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдауды көздеген аудан әкімі Мұрат Ергешбев елді мекендерді аралауды бастап кетті.

Мұрат Нәлхожаұлы Басықара, Құмжиек Қарашеңгел және Ғ.Мұратбаев ауылдық округтеріндегі кездесуі барысында ауданда атқарылып жатқан игілікті істерді ортаға салды.

– Еліміздегі болып жатқан оқиғаға қарамастан ауданда қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. Бір ғана «Жол картасы» бағдарламасы аясында 3 млрд 11 миллион теңгеге 42 жоба атқарылып жатыр. Одан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы 1 млрдқа жуық теңгеге Бекарыстан би ауылында үлкен жұмыстар жүргізілуде. Ауызсу сервистік желіге қосылып, 7 көшеге асфальт төселіп, 8 көшеге жарықшамдар орнатылады, – деген аудан әкімі алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Мұнан соң ауыл тұрғындары аудан басшысына өздерін толғандырған сауалдарын жеткізді. Ғ.Мұратбаев ауылының тұрғындары қойған «елді мекендегі газ жүргізу жұмыстары неліктен тоқтап қалды?»деген сұраққа орай М.Ергешбаев тиісті мамандарға бұл мәселе дереу шешімін тауып, ертеңнен бастап газ жүргізу жұмыстарын бастауды тапсырды.

Аудан әкімінің тұрғындармен жүздесуі жалғасын табуда.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: