Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

20.06.2026, 0:58 32

Жаппай тамақтан улану жағдайларының алдын алу мақсатында Арал ауданы әкімінің өкімімен құрылған жұмысшы топ кәсіпкерлік нысандарында рейдтік-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, Арал қаласы әкімдігі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары жұмылдырылды.

Рейд барысында аудан аумағындағы «Тайқазан», «Тайқазан Loft», «Арал Resto Bar», «Puro Gusto» және «Chinson» сынды тамақтану орындары назарға алынып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда жаздың аптап ыстығында тағамдардың көп тұрып қалуы және түрлі жағдайларда сақталуы салдарынан көпшілік орындарда тағамнан улану деректері орын алып жатқаны белгілі.

Кәсіп иелеріне осы мақсатта санитариялық талаптарды сақтау, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірмелер айтылып, талаптардың сақталуы жөнінде ескертпелер айтылды.

Рейдтік іс-шаралардың негізгі мақсаты – қоғамдық тамақтану орындарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тұрғындардың денсаулығын қорғау.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: