Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түйеге тіл біткенде…

07.07.2023, 9:00 160

HALYQLINE.KZ

Бір адамның көп жылдан бері керуен тартып жүк тасып жүрген бір жақсы түйесі болыпты. Түйесі қартайып өлетін күнге келгенде, түйенің иесі көп жылдар өзіне қызмет еткен жануарға қарап:

– Маған көп жыл қызмет еттің, енді менде хақың кеткен болса кешерсің… – дейді.

Сонда түйесі тілге келіп:

– Менің қанша жүк көтеретінім белгіл болса да, сіз маған екі есе көп қап тиейтінсіз. Мен сіздің бұл ісіңізге кешірім беремін.

Маған күніне 10 кило жем жеу керек болса, сіз әрқашан 8 кило беріп, қалғанын үнемдедіңіз. Мен сіздің бұл ісіңізге кешірім беремін.

Үшкүндік жолды екі күнде жылдам жүріп өтейін деп талай рет қамшының астына алдыңыз. Мен сіздің бұл ісіңізге кешірім беремін.

Тіпті менің ботам да болды. Сіз оны сойып, жас малдың еті дәмді деп қонақтарыңызға асып бердіңіз. Мен сіздің бұл ісіңізге кешірім беремін.

Бірақ мен ешқашан ұмытпайтын, кешпеймін деген бір құқығым бар. Ақыретіңнен осыны сұраймын деп ойлаймын, – депті.

– Ол не?

– Әр жолы жолды біліп, бар жүкті арқалап жүрсем де, тізгінімді есекке бердіңіз. Менің бұйдамды есектің ерінің артқы қасына байлап қойып, «есекке» жетектеттіңіз, сондықтан мен өзімнің хақымды ұмытпаймын! – деген екен.

Tilek  Hayirdinның  әлеуметтік  желідегі  парақшасынан  алынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: