Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Титтей тесік

16.01.2024, 10:00 458

HALYQLINE.KZ

Қайықты қызыл түске бояу туралы тапсырыс алған бояушы өз жұмысын бастады…

Бояп жатып қайықтағы титтей тесікті байқап, оны ақырын ғана жөндей салды…

Бояп бітіріп, еңбекақысын алды да кетіп қалады…

Келесі күні қайықтың иесі келіп, бояғаннан әлдеқайда көп қаражаты бар чекті ұсыныпты…

Бояушы таң қалып: «Мырза, Сіз еңбегімді төлеп қойғансыз», – деді…

«Бұл – қайықты бояғаның үшін емес, қайықтағы тесікті бітегенің үшін беріліп жатқан ақша», – деп қайықтың иесі түсіндіргенде,

«Ой ол кішкентай ғана қызмет ғой, сондықтан сізге көп ақша төлеудің қажеті жоқ», – деді ол…

«Досым, сен түсінбедің…

Мен не болғанын түсіндірейін…

Саған қайықты бояп беруді сұрағанда, тесік туралы айтуды ұмытып кетіппін…

Бояу кепкеннен кейін балалар оны балық аулауға алып кетіпті…

Балалар тесік бар екенін білмейді…

Ол кезде мен үйде болмадым…

Үйге келген соң балаларым қайықты алып кеткенін білгенде менің қандай күйге түскенімді елестетіп көр…

Әлгі тесік есіме түсіп…

Балаларым аман-есен оралғанын көргенде менің қандай бақытқа кенелгенімді білесің бе…

Тесікті тексерсем, сіз оны жөндеп қойыпсыз…

Не істегеніңізді түсінесің бе, сен менің балаларымның өмірін сақтап қалдың…

Ризашылығымды білдіру үшін менің бұл ақшам аздық етедіі», – депті қайық иесі….

Кім болсаң да, қай уақытта да, қалай болса да, көмек жасауды, көз жасын сүртуді, мұқият тыңдауды, көріп қалған «тесіктерді» мұқият бітеп қоюды ешқашан тоқтатпа…

Қажет жағдайда біреуге қалай көмектесетінімізді біз ешқашан біле алмаймыз…

Әлдебір адамға пайдалы және маңызды болу тосынсыйын Құдай бізге арнап сақтап қояды…

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: