Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тергеу мекемесіндегілер де дауыс берді

11.01.2021, 9:45 264 0

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 тергеу мекемесіндегі 235 сайлау учаскесіне тергеу қарауындағылар мен сот үкімдері заңды күшіне енбеген күдіктілер, айыпталушылар сайлауға қатысып, өз дауысын берді.

Сайлау процесіне қатысушылардың тиісті санитарлық талаптарды сақталуы бақылауда болды. Дауыс беруге арналған үй-жайларға дезинфекциялық және желдету жүргізіліп, әлеуметтік арақашықтық сақталды.

Сайлау комиссиясының барлық мүшелері ПТР тестілеуден өткізілді. Жергілікті уақыт бойынша 7:00-де басталған сайлауға ЗК-169/1 тергеу мекемесіндегі дауыс беруге құқы бар 179 азамат өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Сайлауға алғаш болып дауыс берген С есімді азамат «мен халықтың үмітін ақтайтын партияға дауыс бердім. Таңдауым дұрыс екендігіне сенемін» десе, Н есімді азамат «мен де ерікті түрде өз таңдауымды жасадым. Ел мүддесіне жұмыс істейтініне сенімді болған соң дауыс бердім» деді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: