Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев,
облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, ел ағалары Серік Дүйсенбаев, Өмірбек Шәменов, Сұлтанбек Тәуіпбаев Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде жаңадан салынып жатқан теміржол вокзалының және «Қызылорда-Жалағаш» трассасының Тереңөзек кенті тұсындағы көпір құрылысымен танысты.
Вокзал құрылысына тапсырыс беруші – «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ «Қызылорда магистральдік желі бөлімшесі» филиалы, бас мердігер – «Р и А-Сервис ЛТД» серіктестігі, жалпы жобалық құны 695 млн теңге.
Бүгінде перрондағы брусчаткалар демонтаждалып, төменгі іргетасы құйылған. Плита жабындылары орнатылып, ғимараттың ішкі бөліктеріне кірпіш қаланды. Қабырғаларын әрлеу, қатты травертинмен қаптау және перронды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс біткеннен кейін Тереңөзек тұрғындарына, жолаушыларға қолайлы,жаңа теміржол вокзалы қызмет көрсетеді.

«Қызылорда-Жалағаш» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 47,9 шақырымындағы көпірді күрделі жөндеу арқылы көлік қозғалысының қауіпсіздігін және жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту көзделген.
1985 жылы салынған көпір толық жаңғыртылады, конструкцияларын күшейту, кірме жолдарды ретке келтіру және көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау жоспарланған. Көпір ұзындығы 30,43 метр, ал кірме жолдар 710 метр, құрылыс кезінде көлік қозғалысына кедергі келтірмес үшін 788 метр айналма жол салынған.
Қазір қада қағылып біткен, бетон құю, құм-қиыршықтас қоспасын төсеу және нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Айналма жол бойына белгілер орнатылған.
Аймақ басшысы мердігер мекемелерге көпірдісапалы етіп салып, белгіленген мерзімде аяқтаудыңмаңыздылығын ескертті.
Аталған жобалар өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамытуға серпін беріп, қауіпсіз әрі қолайлы жол қатынасына жағдай жасайды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!