Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«WhatsApp»-қа коронавирусқа қатысты жаңа функция қосылды

29.04.2020, 10:09

HALYQLINE.KZ –| «WhatsApp» мессенджері қарапайым қолданушылар үшін бейнеқоңырау қатысушыларының санын арттырды.

Мессенджердің жаңартылған нұсқасын iPhone қолданушылары App Store-дан, ал Android смартфондары WhatsApp сайтынан жазып ала алады.

Жаңа функцияның арқасында енді мессенджерде топтық аудио және бейнеқоңырауға бұрынғыдай төрт емес, сегіз адам қосуға болады. Ол үшін барлық қатысушы WhatsApp-тың соңғы нұсқасын жүктеп алуы керек. Мессенджерді жасағандар мұндай қоңыраулардың қорғалғанын айтады.

Әзірлеушілер топтық әңгімелесуді кеңейту қажеттілігін коронавирус пандемиясымен байланыстырды. Пандемияның салдарынан көпшілігі жақындарынан алыстап, бүкіл әлемде WhatsApp-та дыбыстық және бейнеқоңыраулар жиі қолданыла бастады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: