Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда Russia Today телеарнасын көруге болатын портал бұғатталды

20.11.2023, 15:15 123

HALYQLINE.KZ

Қазақстанда билік ресейлік телеарналарды, соның ішінде Russia Today арнасын көруге болатын Sputnik24 интернет-порталын бұғаттады. Бұл туралы «Сибирь.Реалии» хабарлады.

Қазақстанда не бұғатталғанын бақылауға арналған онлайн-трекерлер мәліметінше, Қазақстанда дүйсенбі күні Sputnik24 ресурсы бұғатта тұрған. Оны елде Google Play көмегімен де жүктеп ала алмайсың.

Портал Қазақстан аумағында лицензиясы жоқ телерадиотаралым операторлары мен құрылғыларының қызметін таратқаны үшін бұғатталған.

Мәліметтерге қарағанда, сәуірде Sputnik24 Эстонияда бұғатталған, себебі соның көмегімен ресейлік арналарды көруге болатын.

Ақпанда Латвия, Еуроодақ санкцияларына сай, ресейлік пропаганда жүргізетін БАҚ-тардың бірқатарын уақытша шектеген. Олардың арасында Russia Today English, Russia Today UK, Russia Today Germany, Russia Today France, Russia Today Spanish un Sputnik ресурстары болған.

2022 жылғы қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 200-ден астам реселік теле және радио арналар таратылған.

Биыл тамызда Қазақстан «Царьград» телеарнасын бұғаттаған.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: