Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көктен түскен миллион

06.12.2020, 18:00 429

HALYQLINE.KZ 33 жастағы индонезиялық табытшы Джошуа Хутагалунг үй жанында жұмыс істеп отырғанда, темір шатырды тесіп өтіп, үйдің ернеуіне соғылған әлдененің даңғырын естиді. Дыбыстың қатты болғаны сонша, үй дірілдеп кеткен екен. Шатырдағы тесікті көрген Джошуа үйіне метеорит құлағанын түсініп, оны іздей бастайды. Қабырға жанынан, жерге бірнеше сантиметрге еніп кеткен футбол добындай тас табылады. Бұл оқиға тамызда, Суматра аралында болған.

Метеорит өте сирек кездесетін CM1/2 типті көміртекті хондрит болып шыққан. 4,5 миллиард жылдан бұрын Күнді қоршаған протопланеталық бұлттан түзілген хондриттер Жерге құлайтын метеориттердің 93%-н құраса да, олардың дәл осы түрі ерекше сирек табылады. Сондықтан мұндай аспан тастарының грамы 850 доллар шамасында бағаланады. Әрине, метеориттердің көбі мұхитқа, елсіз дала мен ормандарға құлайтыны түсінікті.

Екі келіден артық тартатын метеориттің жалпы құны 1,8 миллион долларға бағаланған. Хутагалунг ғарыштан келген тастың бөлшектерін коллекционерлерге сатып үлгерді. Сол маңнан Коланг деген ресми атауға ие болған метеориттің тағы үш сынығы табылды, оның бірі үйден 8 шақырымдағы күріш егістігіне түскен. Хьюстон Ай және планеталар институтының дерегінше, аспан тасының бөлшектеніп кеткенге дейінгі массасы 2,5 кг болған.

«Ғылым жаңалықтары» тобынан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: