Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Beeline» компаниясы Қызылордада интернет сапасын жақсарта ала ма?

23.02.2024, 16:50 170

HALYQLINE.KZ
Бүгін Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Beeline Қазақстан» компаниясының Бас атқарушы директоры Евгений Настрадинмен кездесіп, онда аймақтағы интернет сапасын жақсарту жолдары талқыланды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақ басшысы тұрғындардың цифрлық дәуірдің артықшылықтарын пайдалануын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, бұл бағытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
«Мемлекет басшысы айтқандай, «Бүгінде интернет – жол мен электр энергиясы сияқты негізгі қажеттілік». «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы бекітіліп, оның ауылдық елді мекендердегі сапасын арттыру және шалғайдағы елді мекендерді мобильді байланыспен, интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Біз Цифрландыру министрлігімен бірлесіп, Қызылорда облысы бойынша 2024-2027 жылдарға арналған Жол картасын бекіттік. Бүгінде байланыс пен интернет әрбір қазақстандықтың өмір сапасына әсер етеді. Тұрғындардың заманауи коммуникациялық қызметтерге қолжетімділігін арттыру мақсатында «Beeline Қазақстанмен» тығыз ынтымақтастық орнатуға дайынбыз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
«Біздің мақсатымыз – тұтас аймақтың, оның ішінде Қызылорда қаласының барлық тұрғындарын сапалы байланыс және интернетпен қамтамасыз ету. Жергілікті билікке қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз және жұмыс ауқымын кеңейтуге дайынбыз. Цифрлық теңсіздікті еңсеру – біз үшін маңызды міндет, өйткені әрбір қазақстандықтың интернет жылдамдығының барлық артықшылығын пайдаланғанын қалаймыз», – деді Евгений Настрадин.
Айта кетейік, соңғы 2 жылда «Beeline» бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырды. 2022 жылы «Астана», «Бәйтерек», «Сол жағалау», «Ақмаржан» және Махамбет сияқты шағын аудандарды қоса алғанда, облыс бойынша 31 жаңа базалық станция іске қосылды. Өткен жылы аудан орталықтары мен Қызылорда қаласында базалық станциялар құрылысы жалғасты, «LTE Everywhere» бағдарламасы арқылы облыстың 19 елді мекеніндегі 15 мыңнан астам тұрғынды желіге қосты. Биыл тағы 60-қа жуық жаңа базалық станция салу және басқа станцияларда LTE желісінің сыйымдылығын кеңейту жоспарланған. Бұл аймақ тұрғындарының интернет байланысын жақсартуға оң ықпал етеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: