Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Apple компаниясын Джон Тернус басқарады

02.09.2026, 10:00 59

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Джон Тернус Apple компаниясының бас директоры қызметіне ресми кірісті. Ол бұл қызметте Тим Куктің орнына келді. Ал Тим Кук компанияның директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы болды. Apple басшылықтағы өзгеріс туралы бұған дейін, 20 сәуірде хабарлаған еді. 

Джон Патрик Тернус 1975 жылы Калифорния штатында дүниеге келген. Пенсильвания университетін машина жасау мамандығы бойынша тәмамдаған. Apple компаниясына 2001 жылы қосылып, бастапқыда аппараттық құралдарды әзірлеумен айналысты. 

2013 жылы ол Apple-дың аппараттық құралдар жөніндегі вице-президенті атанып, iPad пен Mac құрылғыларын әзірлеуге жетекшілік етті. 2021 жылдан аппараттық құралдарды әзірлеу жөніндегі аға вице-президент қызметін атқарып, iPhone, iPad, Mac, AirPods және басқа да құрылғылардың дамуына жауапты болды. Сондай-ақ Mac компьютерлерін Apple-дың өз процессорларына көшіру үдерісіне белсенді қатысты. 

Тернус Apple-дағы 25 жылға жуық еңбек жолында iPhone, Mac, iPad, Apple Watch және AirPods секілді негізгі өнім желілерін дамытуға атсалысты. Енді ол әлемдегі ең ірі технологиялық компаниялардың бірін басқарады. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: