Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тасбөгеттіктер талабы – жаңа емхана, жаяу жүргіншілер жолы

18.09.2023, 11:20 146

HALYQLINE.KZ

Қала әкімі Асылбек Шаменовтың кент және ауылдық округ тұрғындарымен кездесулері басталды. Шаһар басшысы бекітілген кестеге сәйкес, Тасбөгет кентінде тұрғындармен кездесті.

Биылғы жылы Тасбөгет кентінде жағымды жаңалық көп. Атап өтсек, облыстық және қалалық бюджеттен бөлінген 1 млрд 811,2 млн теңгеге ауқымды жұмыстар атқарылуда. Яғни, сквер-аллеялар абаттандырылып, кенттегі 41 көше, оның ішінде «Сабалақ» саяжайындағы 18 көшеге күрделі және орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстық бюджеттен бөлінген 542,1 млн теңгеге денешынықтыру-сауықтыру кешені салынуда.

Сонымен қатар, жаңадан электр желілері жүргізіліп, аяқсуға арналған жерасты су ұңғымалары қазылды.

Алдағы уақытта жергілікті бюджеттен бөлінген 202 млн теңгеге кенттегі 9 көше жарықтандырылатын болады.

Инвесторлар есебінен салынып жатқан 338 пәтерді құрайтын 4 көпқабатты үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Дегенмен, кездесуде тұрғындар оқушыларға қосымша жаяу жүргіншілер жолын салу, жаңадан емхана құрылысын жүргізу туралы өзекті мәселелерін айтып, талап-тілектерін жеткізді. Барлық ұсыныстар хаттамаға енгізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: